Нұр-Сұлтан крематорий салынатын елдегі жалғыз қала емес. Алматы қаласында крематорий құрылысы аяқталуға жақындап қалды.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Биологиялық және медициналық қалдықтарды жоятын патологоанатомиялық бюроның құрылысы басталды, деп жазады sputnik.kz.
Құрылыс-монтаж жұмыстарымен қаланың құрылыс басқармасы айналысып жатыр.
"Құрылыс мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәкйес жүргізілуде", - деп хабарлады әкімдік.
Қазір қазандық орнату жұмыстары басталды.
Еске салсақ, 2020 жылы тамыз айында елордадағы крематорий құрылысына 1,5 млрд теңге қажет екені хабарланған еді.
Айта кетері, Нұр-Сұлтан крематорий салынатын елдегі жалғыз қала емес. Алматы қаласында крематорий құрылысы аяқталуға жақындап қалды.