Нұр-Сұлтанда оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды

0
516

Көршілер полицейлер келгенге дейін күдіктіні ешқайда жібермей ұстап отырған.


Нұр-Сұлтанда оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Өткен сейсенбі күні кешке Нұр-Сұлтан полициясына Рысқұлбеков көшесінде белгісіз ер адам қызға тиіскені туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде тәртіп сақшылары аттанды, деп жазады sputnik.kz.

"Кешкі уақытта мектептен үйге келе жатқан кәмелетке толмаған қызға мас ер адам жақындағаны анықталды", - деп атап өтті полиция департаментіндегілер.

Күдікті ұсталды, ол 25 жастағы ер адам. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, күдікті орташа дәрежеде мас болған. Полицияда есепте тұрған жоқ, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазір тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Бұған дейін желіде ер адам баланы белгісіз бағытта әкетуге тырысқаны туралы ақпарат пайда болды. Қыз айғайлап көмек сұраған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам қаша жөнелген, бірақ көршілер оны қуып жетіп, полиция шақырып, тәртіп сақшылары келгенге дейін жібермей ұстап отырған.