Нұр-Сұлтанда өтетін ЕЭО саммитіне Назарбаев қатысады

0
1 040

Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың мамыр айының соңында Нұр-Сұлтанда өтетін Еуроазиялық Экономикалық Одақтың саммитіне қатысатыны жөнінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев айтты. Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Әбішұлы ЕЭО авторы.


Нұр-Сұлтанда өтетін ЕЭО саммитіне Назарбаев қатысады

ERNUR.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 29 мамырда республика астанасында өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) мерейтойлық саммитіне қатысады. Бұл туралы Twitter-дегі парақшасында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп жазады Тengrinews.kz.

"Осыдан 25 жыл бұрын ММУ-де ҚР Тұңғыш Президенті Еуразия интеграциясы туралы өз пікірін айтып, шын мәнінде, осы тұжырымдаманың авторы болып табылады. 29 мамырда Нұр-Сұлтанда ЕЭО мерейтойлық саммиті өтеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Назарбаев оған құрметті қонақ ретінде қатысады", - деп жазды Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев ЕЭО бойынша серіктестерге (ұйымға мүше елдер Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан болып табылады) 2019 жылдың мамырында Қазақстан астанасында ұйымның мерейтойлық саммитін өткізуді ұсынды.

"1994 жылы мен алғаш рет осы интеграциялық жобаны құру идеясымен шығып, тең құқылық пен еріктілік қағидаттары туралы сөз қозғадым. Сонда мен уақыт өте келе халықаралық аренада үлкен ойыншыға айналатын қуатты экономикалық одақты елестетіп көрдім. Бүгін бұл идея шындыққа айналды. Келесі жылы ЕЭО шартына қол қойылған сәттен бастап бес жыл және еуразиялық интеграция идеясына 25 жыл толады. Келесі жылдың мамыр айында Астанада кезекті отырыс өткізуді ұсынамын", - деп еді Н.Назарбаев.