Нұр-Сұлтанда соңғы қоңырауға тек 11-сынып оқушылары ғана қатысады

0
475

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының мамандары мәлімдеді.


Нұр-Сұлтанда соңғы қоңырауға тек 11-сынып оқушылары ғана қатысады

ERNUR.KZ. Елорда да биыл соңғы қоңырау дәстүрлі форматта тек 11-сынып оқушыларына ғана өтеді, деп хабарлайды Аtameken Business.

1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтпейді. Олар тек онлайн байланыста сынып сағатын өткізетін болады. Айта кету керек түлектер барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, мектеп ауласында ғана жиынға қатыса алады. Әр түлектің тек бір ата-анасы ғана және 6 мұғаліміне келуіне рұқсат берілген. Оқушылар бетперделерді шешпей бір-бірінен 2 метр қашықтықта тұруы міндетті.

Естеріңізде болса, бұған дейін БҒМ 9-11-сынып бітіруші түлектерге ғана соңғы қоңырауды өткізуге рұқсат берген еді.