Нұр-Сұлтанда субұрқақта Батырхан Шүкенов пен Димаш Құдайберген әндерінің әуені ойналады

0
794

Музыка әуенімен атқылайтын Нұржол субұрқағы 15 шілдеге дейін істемейді.


Нұр-Сұлтанда субұрқақта Батырхан Шүкенов пен Димаш Құдайберген әндерінің әуені ойналады

Елорданың сол жағалауындағы Нұржол желекжолында орналасқан субұрқақта Батырхан Шүкенов пен Димаш Құдайберген әндерінің әуені ойналады. Бұл туралы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таяу уақытта бәріміздің сүйікті субұрқағымыз жаңаша әуен ойнайтын болады. 15 маусымға дейін Нұржол желекжолындағы музыкалық субұрқақ жұмыс істемейді. Су астындағы прожекторлардың шамамен 300 шамын ауыстыру жұмыстарын жүргіземіз. Ескі үлгідегі шамдарды жаңа жарықдиодты шамдарға ауыстырамыз», - деді ол.