Нұр-Сұлтанда тапаншамен балаларды қорқытқан азамат ұсталды

0
867

Медициналық тексеру кезінде тапанша ұстаған ер адамның мас күйде болғаны анықталған.


Нұр-Сұлтанда тапаншамен балаларды қорқытқан азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полициясы балаларды тапаншамен қорқытқан азаматты ұстады, деп жазады holanews.kz.

12 маусым сағат 20.00-де астаналық полиция қызметкері 51 жастағы қала тұрғынын ұстады. Оқиға Уәлиханов көшесінің бойында болған.

«Полицейге аулалардың бірінде екі кәмелеттік жасқа толмаған бала жүгіріп келіп, тапаншамен қорқытқан ер адам туралы хабарлаған. Полиция аға сержанты Руслан Шмидт бұл туралы әріптесіне хабарлап, балалар айтқан жерге қарай барады», - делінген хабарламада.

ЖПҚ патрульдік полиция полкінің аға сержанты Руслан Шмидт арнайы әдіспен тәртіп бұзушыны жерге құлатқан. Сол мезетте оған аға лейтенанты Жандос Өзбек көмекке келеді.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Медициналық тексеру ер адам мас күйде болған көрсетті», - делінген хабарламада.