Пленарлық және секциялық отырыстардан тұратын дәстүрлі конференцияға барлығы 101 адам келді.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» тақырыбында VІ халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оған ҚР Білім және ғылым вице- министрі Шолпан Таңатқызы Каринова, ҚР БҒМ Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның президенті Жанбол Жилбаев, отандық және Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасының шетелдік ғалымдары, білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, жоғары оқу орындарының профессорлар-оқытушылар құрамы, білім беру жүйесінің ұйымдастырушы мамандары, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты.
Пленарлық және секциялық отырыстардан тұратын дәстүрлі конференцияға барлығы 101 адам келді. Оның ішінде пленарлық отырыста шетелдік және отандық білім беру ұйымдарынан келген 47 мұғалім мен 16 білім басқармасының әдістерлері спикер ретінде сөз сөйледі. Конференцияның мақсаты - білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу және пікірлермен бөлісу. Шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырды.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Замауи білім беру - мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі негізі;
- Білім беру ұйымдарының инновациялық әлеуетін дамыту;
- Білім беру мазмұныны. Жаһандық сын-тегеуріндер;
- Заманауи білім беру және ғылым.