Нұр-Сұлтанда жаңа саябақ ашылды

0
772

Саябақтың аумағы 16 гектар.


Нұр-Сұлтанда жаңа саябақ ашылды

Нұр-Сұлтанда аумағы 16 гектар болатын саябақ ашылды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындар мен қонақтар бос уақытын тиімді өткізе алатын орындар саны артып келеді. Биыл қауіпсіз және жайлы қоғамдық кеңістіктер бірнеше есе көбейді. Карантин уақытында олардың қаншалықты қажет екені көрініп тұрды. Көктал-1-де аумағы 16 гектар болатын саябақ ашылды. Жаңа кеңістік үш үлкен аймаққа бөлінген" - дейді қала әкімі.


Шаһар басшысының айтуынша, біріншісі - тыныш демалыс аймағы. Мұнда, мысалы, амфи-театр орнатылды - ашық аспан астында кинотеатр ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар, мұнда ротунда да бар. Онда жастар үйлену тойын өткізе алады.

Екінші аймақ спортпен шұғылдануға арналған. Аймақ баскетбол, футбол, волейбол алаңдарымен, теннис кортымен, воркаут және йога алаңымен жабдықталған. Барлық спорт алаңдары қоршалған.


Үшіншісі - балаларға арналған демалыс аймағы. Оған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын алаңдары да кіреді.


"Парктің ерекшелігі - веложол қоғамдық кеңістіктің барлық периметрі бойынша өтеді, осылайша парктің барлық үш аймағын қамтиды. Сондай-ақ, олар иттерді серуендеуге арналған арнайы алаңмен жабдықталған. Біз саябақта ағаштар отырғызамыз, болашақта ол экозонның бір түріне айналады. Бейнебақылау камераларын орнатамыз". - дейді Көлгінов.




"Саябақтың барлық аймағын қыста да пайдалануға болады: коньки, шаңғы тебу және басқа ойын-сауық түрі бар. Елорданы "Нұр-Сұлтан-тұрғындарға жайлы қала" мастер - жоспарының тұжырымдамасы аясында дамытамыз. Басымдықтардың бірі - серуендеу мен спортпен шұғылдану үшін орындар құру. Әр ауданда өз тартылыс нүктелері болады", - деп түйіндеді сөзін қала басшысы.