Нұр-Сұлтанда жаңбыр салдарынан бірнеше көшені су басты

0
717

Қала көшелерін судан тазалау үшін 140 арнайы техника жұмылдырылған.


Нұр-Сұлтанда жаңбыр салдарынан бірнеше көшені су басты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда екінші күн жаңбыр жауып жатыр. Бірнеше көшені су басты. Түнде коммуналдық қызметтер 20 мың текше метрден астам жаңбыр суын сорды, деп жазады Tengrinews.kz.

Әкімдіктің баспасөз қызметі қала көшелерінде 140 арнайы техника жұмылып, түнде 20 мың текше метр жаңбыр суы сорылғанын хабарлады.


"Көшелерді су басуға жол бермеу үшін нөсерлік кәріз құрылысы мен коллекторларды тазарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Қаладағы коллекторлардың жалпы ұзындығы 354 шақырым, олардың үштен бірі тазалауды қажет етеді. Бітеліп қалған жүйелер жауын-шашын кезінде нөсерлік кәріздердің уақытылы жұмысына кері әсер етеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілі.


Мысалы, әкімдіктің мәліметінше, Ташенов көшесі мен Абылай хан / Таха Хусейн даңғылындағы коллектор толығымен бітеліп, одан 2,5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған және өткізу қабілетін жақсарту үшін қосымша сақина орнатылған.


"Момышұлы даңғылының проблемалық учаскесінде су басу мәселесі күзде шешіледі - нөсерлік кәріз магистралды коллекторының құрылысы жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 500 метр, Дауылпаз көшесінен бастап Елім-ай көшесіне дейін созылады.

Сондай-ақ, Молодежный шағын ауданында (Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысы) тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Қуаттылығы тәулігіне 42 мың текше метрден асады, бұл нөсерлік кәріздердің өткізу қабілетін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді", - деп сендірді әкімдік өкілі.

Ақпарат бойынша, аталмыш тазарту құрылғылары Ташенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелерін және Республика даңғылын су басудан қорғауға мүмкіндік береді. Тазалау құрылысы жер астында орындалғандықтан, құрылыс алаңының үстінде абаттандыру мен көгалдандыру арқылы сквер салу көзделген. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр.


Видео астананың оң жағалауында Самал шағын ауданында түсірілген.