ERNUR.KZ. Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болды, деп жазады sputnik.kz.
Отшашу 9 мамыр сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталды. Салют ұзақтығы 10-12 минутты құрады, ал атыс саны 3 мың.
Мереке күні қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ бүгін Қазақстандық соғыс ардагерлерін еске алуға және Жеңіс күніне арналған "Жеңімпаздар. Батырларға тағзым" онлайн-акция өтті.