Нұр-Сұлтанда жол үстінде билеген ер адам ұсталды - видео

0
413

Мас бишіні өтіп бара жатқан көлік иесінің бірі ұстап, полиция келгенге дейін «тырп» еткізбеді.


Нұр-Сұлтанда жол үстінде билеген ер адам ұсталды - видео

ERNUR.KZ. Елордада көше қиылысындағы жолда билеп, көлік қозғалысына кедергі келтірген ер адам ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

12 тамызда кешкі уақытта Сейфуллин-Жангелдин көшелерінің қиылысында видеокамераға көлік жүретін жолда билеп тұрған ер адам түсіп қалды. Өз әрекеті арқылы 33 жастағы ер адам жол көлік ережесін бұзып, көліктердің жүруіне кедергі жасады.

Мас бишіні өтіп бара жатқан көлік иесінің бірі ұстап, полиция келгенге дейін «тырп» еткізбеді. Тәртіп бұзушы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қоғамдық орында мас күйінде жүргені және жолаушылардың жол ережесін бұзғаны үшін ол Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 615 және 440-шы баба бойынша әкімшілік жазаға тартылды.