Нұр-Сұлтандағы ойын алаңында жасөспірім тоққа түсіп қалған: оқиға куәгерлері мән-жайды айтып берді (видео)

0
1 313

Жедел жәрдем тез арада көмек көрсетіп, біраздан соң бала есін жияды.


Нұр-Сұлтандағы ойын алаңында жасөспірім тоққа түсіп қалған: оқиға куәгерлері мән-жайды айтып берді (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда 13 жастағы бала аулада ойнап жүріп, есінен танып қалды. Куәгерлердің айтуынша жасөспірімді тоқ соққан, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жазатайым оқиға 12 шілдеде Конституция көшесінде орналасқан үйдің ауласында болыпты. Кешкі бес кезінде 13 жастағы бала допты алу үшін жабық алаңның қоршауына шығып, байқаусызда электр желісіне тиіп кетеді, деп жазады astanovka98 Instagram парақшасы.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, электр желісіне тиген бойда бала жерге құлап, есінен танып қалды.

Жедел жәрдем тез арада көмек көрсетіп, біраздан соң бала есін жияды.

Елордалық полиция департаменті әртүрлі жарақат алған баланың ауруханаға түскенін айтты, бірақ тоқ соқты деген мәліметті растамады.

"12 шілдеде 18.00 кезінде қалалық балалар ауруханасына әртүрлі жарақат алған жасөспірім жатқызылды. 13 жастағы бала Конститутция көшесіндегі ойын алаңында дене жарақатын алған. Оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз", - деп мәлімет берді Нұр-Сұлтан полициясы.

Қазір оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған.