Пойыз күнара жолға шығады.
ERNUR.KZ. 2 шілдеден бастап Нұр-Сұлтаннан Қостанайға дейін жаңа Тальго пойызы жүре бастайды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, "Нұрлы жол – Қостанай" бағытындағы 81/82 пойызы күнара жолға шығады.
"Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан құрам 2 шілдеден бастап жұп күндері жөнелтіледі. Қостанайдан 3 шілдеден бастап тақ сандар бойынша ауыса бастайды", – делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ, биыл 1 шілдеден бастап "Нұр-Сұлтан НЖ – Арқалық" 603/604 пойызының нөмірленуі 79/80 болып өзгертіледі. Ол күнара жүреді.
Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушылар жол жүру билетін BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы онлайн рәсімдей алатынын жеткізді.
Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін "Күту парағы" функционалын пайдалануды ұсынды.