Нұрлан Әуесбаев Шахтинск қаласының Орталықтандырылған кітапхана ұжымымен кездесті

0
348

Кездесу барысында Президенттікке үміткер ЖСДП және партия жүргізіп жатқан жұмыс жөнінде бөлісті.


Нұрлан Әуесбаев Шахтинск қаласының Орталықтандырылған кітапхана ұжымымен кездесті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Орталықтандырылған кітапханасының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында Президенттікке үміткер ЖСДП және партия жүргізіп жатқан жұмыс жөнінде бөлісті. Өз сөзінде үміткер неолибералдық идеологияның уақыты өткенін айтты. Әлемнің көптеген елдері қазірдің өзінде социал-демократияға көшкен. Бұл идеология кедейлікпен күресетін, адамдарға өмір сүру үшін тең мүмкіндіктер ұсынатын, мемлекетті негізгі тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз ететін әділ әлеуметтік мемлекет құруға бағытталғанын атап өтті.

ЖСДП жылдар бойы және жоспарлы түрде партиялардың Парламентке өту шегін 7%-дан ден 5%-ға дейін төмендетуді, әкімдерді сайлауды енгізуді, Конституциялық сотты жандандыруды жақтап келеді. Партияның осы және басқа да көптеген тармақтары бүгінде Үкімет назарында.

Сондай-ақ, Нұрлан Әуесбаев жиналған қауымды олигархиялық экономикадан бас тарту, тегін медицина және білім беру, әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыру, парламенттік-президенттік басқару нысанына көшу секілді өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарымен таныстырды.

Үміткер атап өткендей, бүгінде ел алдында тұрған басым міндеттердің бірі – сыбайлас жемқорлықты жою.

Партияның Орталық аппаратының жетекшісі, Президенттікке үміткердің сенімді өкілі Талғат Омаров Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасы жөнінде бөлісе отырып, бүгінде олигархаттың билікпен бірігіп кетуінің маңызды мәселе екенін атап өтті.

Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, бұған қарсы ең нәтижелі күрес –игіліктерді әділ бөлуді көздейтін социал-демократиялық идеология.