Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды

0
1 074

​Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы жұмысынан кетті.


Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті мәлімдеген.

Нұрлан Мәсімов ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа жазған баянатына сәйкес Павлодар облысы ПД бастығы қызметінен босатылды.

Бұдан былай Павлодар облысы полиция департаменті бастығының міндетін полиция полковнигі Жасқайрат Иманбекұлы Қайыров атқарады.