Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған сәтінде ұсталды

0
845


Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған сәтінде ұсталды

ERNUR.KZ. Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған жерінен ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Биыл 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады", - делінген хабарламада.

Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілген болатын.

2022 жылдың қаңтарында Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылған. 48 жастағы Нұрлан Мәсімов департаментті 2019 жылдың қарашасынан бері басқарған.