Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылды

0
378

2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысы әкімі.


Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұрлан Ноғаев лауазымынан кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

“Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, Нұрлан Ноғаев 1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1993 жылы И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын,Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институты, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған. 1993-1995 ж.ж. - Мәскеу қаласындағы "Гили- Паскер" ЖШС-да мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.

1995-1996 ж.ж. - Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.

1996-2006 ж.ж – "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-да маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.

2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.

2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры.

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылғы 26 наурыздан - Атырау облысының әкімі, 2019 жылдың 17 маусымында осы қызметке қайта тағайындалды.

2019 жылдың 18 желтоқсанынан – Қазақстан Республикасы Энергетика министрі.

2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысы әкімі.