Нұрлан Нығматулиннің ұлы "ҚазМұнайГаз-Аэродағы" лауазымды қызметінен босатылды

0
734

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.


Нұрлан Нығматулиннің ұлы

Нұржан Нұрланов "ҚазМұнайГаз-Аэро" бас директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Atameken Business Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Хабарламаға сәйкес, 19 мамырда "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС жалғыз мүшесінің шешімімен компанияның бас директоры болып Шамсутдинов Ильдар Тагирович тағайындалды.

Айта кетейік, Нұржан Нұрланов - Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің кенже ұлы "ҚазМұнайГаз-Аэро" компаниясын 2019 жылдың ақпанынан басқарған.

Бұған дейін ол Премьер-министр кеңсесі аймақтық даму бөлімінің сарапшысы (2012-2013), "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қаржы бойынша басқарушы директор (2013-2014), техникалық саясат бойынша бас директордың орынбасары, "ҚазТранасГаз" АҚ басқарма мүшесі (2016-2018), "Бәйтерек" холдингінің басқарушы директоры (2018-2019) болып жұмыс істеді.