​«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге құжаттар қабылдау 3 қазанда басталады

0
1 826

Порталдың жұмыс істеу уақыты – тәулік бойы.


​«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге құжаттар қабылдау 3 қазанда басталады

ERNUR.KZ. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тіркеуіндегі кезектілер үшін құжаттарды қабылдауды жариялайды, деп жазады Елорда Инфо.

Халықтың қалың жігін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372 қаулысымен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген.

Осы Бағдарлама шеңберінде «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйі» (бұдан әрі – «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі) халықтың барлық санаттарына арналған «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үйі (бұдан әрі – «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйі») бағыттары бойынша тұрғын үйлерді жүзеге асыру қарастырылған.

«ҚИК» ИҰ» АҚ» бағыты бойынша 80 пәтерді сатып алу мүмкіндігімен жалға беруді іске асыру жоспарлануда. Тұрғын үйді сатып алу құқығын 20 жылға дейінгі мерзімге жалға беру ұсынылмақ. Астана қаласы, Лепсі көшесі мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын кешенінде жалға берілетін тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 838 теңгені құрайды, оның ішінде:

25 – 39,34-тен – 41,51-ге дейін ш.м бір бөлмелі пәтер;

41 – 54,71-ден – 67,37-ге дейін ш.м екі бөлмелі пәтер;

14 – 76,88-ден – 77,69-ға дейін ш.м үш бөлмелі пәтер.

«ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша бағдарлама шарттарына сәйкес Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (кезектегілер) келесі санаттар бойынша қабылдай алады: көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 1 және 2-топтағы мүгедектер.

Осы бағыттағы қатысушыларды қалыптастыру мына кіші топтар мен өлшемдерге сәйкес жүргізілетін болады:

1-кіші топ – жоғарыда көрсетілген санаттағы кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы отыз бес жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баланы) жасы отыз беске толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған «толық емес отбасылар»;

2-кіші топ – 1-кіші топқа енгізілмеген, жоғарыда көрсетілген санаттағы кезекте тұрғандар.

«ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйі» бағдары бойынша Астана қаласының әкімдігі мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚТҚЖБ» АҚ) арасында Астана қаласында №№ 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 (жобалық атаулар) көшелері қиылысы ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешенінде орналасқан 4 класты жайлылықты, тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 120 теңге болатын 21 пәтерді сату бойынша 2016 жылғы 26 шілдеде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Оның ішінде:

3 – 39,4-тен – 42,48-ге дейін ш.м бір бөлмелі пәтер;

15 – 57,59-дан – 58,43-ке дейін ш.м екі бөлмелі пәтер;

3 – 76,97-ден – 78,06-ға дейін ш.м үш бөлмелі пәтер.

Тұрғын үй өз қаражаты немесе тұрғын үй құрылыс жинағынан, несие есебінен тікелей сатып алу арқылы жеке меншікке беріледі. Төлем қабілеттігі расталмаған жағдайда тұрғын үй 8 жылдан аспайтын мерзімге сатып алумен жалға беріледі.

«ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша бағдарлама шарттарына сәйкес Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (кезектегілер) мына санаттар бойынша қатыса алады: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, жасына қарай зейнеткерлер, оралмандар, толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Құжаттарды қабылдау өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын қолданумен, e.astana.kz веб-порталы арқылы ғана жүзеге асырылады, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» жүйесінде – 2018 жыл 3-5 қазан аралықтарында (қоса алғанда), «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйі» жүйесінде – 2018 жылғы 10-12 қазан аралықтарында (қоса алғанда). Порталдың жұмыс істеу уақыты – тәулік бойы.