«Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары 2025 жылға дейін ұзартылады

0
1 516

Болашақта елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжам схемасы жаңа форматта әзірленіп қабылданатын болады


«Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары 2025 жылға дейін ұзартылады

фото:Baq.kz

ERNUR.KZ. «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары 2025 жылға дейін ұзартылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы талқыланған Үкімет отырысында мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

ҚР Президенті Жолдауында айтылған өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру деген үшінші міндеттің шеңберінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға елдің кез келген елдімекендерінде жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруге бағытталған 22 іс-шара көзделген.

«Болашақта елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжам схемасы жаңа форматта әзірленіп қабылданатын болады. Бұл еліміздің басқарылатын урбанизациясының жаңа картасына айналады. Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының нақты іс-шараларын, жобаларын қаржыландыруды көрсете отырып, келесі жылдың қараша айында қабылданатын болады. Практикалық шараларды іске асыру үшін «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының мерзімдері 2025 жылға дейін ұзартылады», - деді Сүлейменов Үкімет отырысында.