​Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

0
1 184


​Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы ұшақ апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Осы қаралы сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Эфиопия халқына көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.