Елбасы еліміздің Қарулы Күштерін жаңғырту қажеттігін атап өтті.
ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұр-Сұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Әңгіме барысында Елбасы Қарулы Күштердің мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев армияның жауынгерлік дайындығын сақтау, еліміздің Қарулы Күштерін жаңғырту мен технологиялық жетілдіруді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
"Сіздің жұмысыңыз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Халық Қарулы Күштердің мүмкіндіктеріне сенімді болуы керек. Біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы осыған байланысты", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.