Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазынаның» басқарма төрағасын қабылдады

0
966

Басқарма төрағасы Елбасыға "Самұрық-Қазынаның" экономикалық жағдайын баяндады.


Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазынаның» басқарма төрағасын қабылдады

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қордың портфельдік компанияларының қазіргі экономикалық жағдайда үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

А.Есімовтің мәліметі бойынша, «Самұрық-Қазына» ҰК» АҚ-ның барлық кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қордың алдын ала қарастырылған қаржылық резервтерінің арқасында өндіріс қызметкерлерінің қысқаруына және жалақы төлеудің кешіктірілуіне жол берілген жоқ.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аудит қорытындысы бойынша бюджетке төленетін төлемдер алдыңғы жылдармен салыстырғанда 52 пайызға артып, 1,1 трлн теңгеден асты.