Нұртас Адамбайға желіде Құраннан үзінді жариялағаны үшін айыппұл салынды

0
167

Ол әкімшілік кодекстің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылды.


Нұртас Адамбайға желіде Құраннан үзінді жариялағаны үшін айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Астана соты танымал актер Нұртас Адамбайға Instagram желісінде Құраннан үзінді келтіргені үшін айыппұл салды, деп жазады inbusiness.kz.

"Астана қаласының Дін істері басқармасы Instagram парақшама Құран Кәрімнің аудармасынан сөздер жазғаным үшін мені сотқа берді. Шынымды айтсам, біздің елде Құран аудармасын келтіруге болмайтынын білмедім", – деп жазды ол.

Ол әкімшілік кодекстің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылды.