Нью-Йорк соты Храпуновтар мен Әбілязовтен қайтарылатын ақшаның сомасын өзгертуі мүмкін

0
335

Азаматтық істі Әділет министрлігі Алматы қаласы әкімдігінің және «БТА Банктің» мүдделерін қорғау үшін 2019 жылы қозғаған.


Нью-Йорк соты Храпуновтар мен Әбілязовтен қайтарылатын ақшаның сомасын өзгертуі мүмкін

ERNUR.KZ. Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствоның кезекті баспасөз мәслихатында ұлттық өнімдерді патенттеудің тәртібін түсіндірді, деп жазады inform.kz.

«26 маусымда Нью-Йорктің оңтүстік округіндегі аудандық сотының 3 апталық тыңдауынан кейін алқабилер Ілияс және Виктор Храпуновтарға, сондай-ақ Мұхтар Әбілязов пен Феликс Сатер сияқты сыбайластарына қарсы әкімдіктен ұрланған ақшаны жылыстату дерегіне қатысты 32 млн АҚШ долларынан астам сома бойынша бірауыздан үкім шығарды. Бұл сома бір апта ішінде сот тарапынан түзетілуі мүмкін», - деді Талғат Уәли.

Сондай-ақ ол бұл іске Әділет министрлігі бастамашы болғанын айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, осы азаматтық істі Әділет министрлігі Алматы қаласы әкімдігінің және «БТА Банктің» мүдделерін қорғау үшін 2019 жылы қозғаған. Оған негіз болған – негізсіз баю, ақшалай қаражатты заңсыз иемдену және қылмыстық шығу тегі бар ақшаны пайдалану фактілері», - деді министрліктің ресми өкілі.