НЗМ оқушылары «юбка» киіп қарсылық акциясына шықты

0
1 105

Блогер Аида Джексенованың мәліметінше, 8-сынып оқушысы мектептегі психологпен әңгімелескеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған.


НЗМ оқушылары «юбка» киіп қарсылық акциясына шықты

ERNUR.KZ. Кеше Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы қаза тапты. Қайғылы оқиға химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыған жасөспіріммен болған. Алматы қаласының полиция департаменті іс «Адам өлтіру» бабы бойынша қозғалғанын айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

Ал блогер Аида Джексенованың мәліметінше, 8-сынып оқушысы мектептегі психологпен әңгімелескеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Жасөспірім күзгі балға Гарри Поттер стилінде, белдемше (юбка) киіп келген. Ашуланған куратор оны психологқа алып барған. Содан кейін жеткіншек 11-қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

Ал бүгін сол жерде білім алып жатқан оқушылар "киімнің жынысы жоқ" деген ұранмен наразылық акциясына шықты. Ұлдар юбка киіп алған. Оқушылар мектеп аясында жаппай суретке түсті. Осылайша, олар НЗМ басшылығы мен психологтың әрекеттеріне наразылық білдіреді. Сурттер Жадыра есімді оқушының парақшасынан алынды @JJ.dariga

Оның айтуынша бұл білім ордасында болған алғашқы қайғылы жағдай емес.