Ал ең төменгі жалақы «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» бойынша тіркелді. Бұл бағыттағы түлектердің медианды жалақысы 126 029 теңгені құрады.
ERNUR.KZ. Қазақстанда ЖОО жаңа бітірген жас маман орта есеппен 155 621 теңге жалақы алады. Бұл туралы Қазақстандағы ЖОО-лардың 2022 жылғы рейтингінде жазылған, деп жазады ҚазАқпарат.
«Білім бағыттары бөлінісінде ең жоғары жұмысқа орналасу деңгейі «Ветеринария» бағытында екенін көруге болады. Бұл көрсеткіш - 88 пайыз. Ал ең төмен жұмысқа орналасу деңгейі «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағытында», - деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Спикердің айтуынша, ең жоғары медианды жалақы мөлшері «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» бағытына тиесілі (221 841 теңге).
Ал ең төменгі жалақы «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» бойынша тіркелді. Бұл бағыттағы түлектердің медианды жалақысы 126 029 теңгені құрады.
Ал жалпы рейтинг бойынша түлектердің медианды жалақысы - 155 621 теңге.
«Ең жоғары жалақыны Алматы облысының түлектері алатыны анықталды, облыс бойынша түлектердің оқу бітіргеннен кейінгі алғашқы жылдағы медиандық жалақысы 196 769 теңгені құраған. Ең төмен жалақы Шымкент қаласы түлектерінде – 124 895 теңге», - деді А. Бейсенбаев.
Айта кетейік, ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі елдегі ЖОО-лардың 2022 жылғы рейтингін жариялады.
Бұл рейтингке сәйкес, жұмыс берушілер отандық білімге 67% қанағаттанады.