Алматы қаласының Білім басқармасы осы жағдайға байланысты тексеру жүргізді.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар Алматы қаласындағы №87 мектепте педагогтардың балалардың аты-жөнін атауды қойғаны туралы жазуда. Оның орнына әр балаға әріп пен сан берілген екен. Бұл жалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Алматы қаласының Білім басқармасы осы жағдайға байланысты тексеру жүргізді.
"Аталған фактілерді тексеру барысында №87 ЖББМ КММ оқушыларын әріп және нөмір бойынша атау туралы ақпарат расталған жоқ", – деп хабарлады Алматы Білім басқармасының бас маманы Қуандық Ешімет.