Оқушының тырнағын түбіне дейін алып тастаған мұғалім жұмыстан босатылды

0
1 309

Мұғалім 5 б сынып оқушысының қолы қанағанша тырнағын алған.


Оқушының тырнағын түбіне дейін алып тастаған мұғалім жұмыстан босатылды

фото Хами Сауранбек парақшасынан

Жамбыл облысындағы ауыл мектептерінің бірінде мұғалім оқушының тырнағын қанталатып, түбіне дейін алып тастаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы facebook қолданушысы жазды.

"Бесбаев мектебінде, Ақбұлым ауылында мұғалім тырнақты жақсы алады екен. Шара қолдану керек. Ужас мынау. Қолдары ауырып жүр. 5 б сынып оқушысының қолы қанағанша тырнағын алған" - деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы.

Аталған жағдайға қатысты Жамбыл Облысының Білім Басқармасы түсініктеме берді.

"Жамбыл облысы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясында орын алған жағдайға байланысты, Жамбыл ауданы білім бөлімі тарапынан аталған мәселе шұғыл зерделеніп, кінәлі тұлғаларға қатаң түрде тиісті шаралар қолданылды. Нақтырақ айтсақ, ҚР Еңбек Кодексінің 49-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша мұғаліммен еңбек шартын бұзу ұсынысы жолданды. Ұсынысқа сәйкес мұғалім жұмысынан босатылды. Ал мектеп директорына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды" - делінген хабарламада.