Мен дайынмын, дейді халық қалаулысы.
ERNUR.KZ. Қоғам қайраткері, депутат Бекболат Тілеуханов коронавирустың екінші толқыны жайлы пікірін айтты. Бұған дейін коронавируспен ауырған депутат індеттің екінші толқынына толық дайынмын дейді. Бұл туралы Тілеуханов Azattyq.TV тілшісіне берген жауабында айтты.
Бекболат Тілеуханов "коронавирустың екінші толқынына дайынсыз ба?" деген сұраққа жауап берді.
"Мен дайынмын. Үкімет үшін емес, өзім үшін жауап берейін. Коронавирустың екінші толқынына мен дайынмын. Өлсек өлерміз, тірі қалсақ тірі қалармыз. Құдайдың жазғаны болады. Дайын болғанда маска тағып жүрсең, тыныш жүрсең, ұйқың қанық болса, басқа не керек?", - деді Тілеуханов.
Айта кетейік, коронавирустың бірінші толқынында бірнеше шенеунік осы індетпен ауырды. Олардың қатарында Бекболат Тілеухан да бар. Депутаттың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.