Онлайн-санақтан өткендердің саны 1 миллионнан асты

0
618

1 қыркүйекте республикада ұлттық санақ басталды. Оны онлайн режимінде толтырмағандар 1-30 қазан аралығында интервьюерлермен сұхбат алады.


Онлайн-санақтан өткендердің саны 1 миллионнан асты

ERNUR.KZ. Қазақстанда онлайн-санақтан өткендердің саны 1 миллионнан асты, деп жазады inbusiness.kz.

«Қазіргі уақытта онлайн-санақтан өткен адамдардың саны бойынша екі мегаполистің тұрғындары, атап айтқанда Алматы мен Нұр-Сұлтан көш бастап тұр. Ең аз сан Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарында тіркелді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта респонденттерге халық санағын онлайн өту үшін бірнеше платформалар ұсынылған: sanaq.gov.kz мамандандырылған сайты, E-Gov порталы және Aitu қосымшасы.

1 қыркүйекте республикада ұлттық санақ басталды. Оны онлайн режимінде толтырмағандар 1-30 қазан аралығында интервьюерлермен сұхбат алады. Қазіргі таңда Қазақстан халқы 19 миллион адам.