Оңтүстік Корея шекарасынан заңсыз өтпек болған екінші қазақстандық өз еркімен берілді

0
546

Олар Оңтүстік Кореяға биыл 24 наурызда Ташкенттен барған.


Оңтүстік Корея шекарасынан заңсыз өтпек болған екінші қазақстандық өз еркімен берілді

ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз өтпек болған екінші қазақстандық өз еркімен полицияға барды, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі растады.

"Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде жүрген екінші қазақстандық кореялық полицияға өз еркімен барды. Қазақстан Республикасының Елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, отандастарымызға барлық қажет консулдық-құқықтық көмек көрсетеді", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, бұған дейін екі қазақстандық ер адам Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз өтпек болғанын хабарлаған едік. Олар Оңтүстік Кореяға биыл 24 наурызда Ташкенттен барған.