Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Орал қаласында бесінші қабат балконынан секірмек болған әйел құтқарылды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Департамент мәліметінше, оқиға 3 сәуір күні кешкісін Зачаган кентінде болды.
«Сағат 20.00-де 25-Чапаев дивизиясы көшесі бойында орналасқан үйде 1981 жылғы әйел балконнан секірмек болған. Сол жерден өтіп бара жатқан патрульдік полиция батальонының инспекторлары, полиция аға лейтенанты Руслан Муксанов пен полиция лейтананты Райымбек Қабылов шұғыл қимылдап, тез жоғары көтеріледі. Пәтерге еніп, әйелдің тілін тауып, балкон ернеуінде ілініп тұрған жерінен еппен ішке кіргізеді. Осылайша, әйел аман қалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.