​Оралда 13 жастағы оқушы жоғалып кетті

0
1 265

Темірханды көрген-білгендер болса, тез арада 87084053381, 87078728578 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды өтінеміз.


​Оралда 13 жастағы оқушы жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Орал қаласында 8-сынып оқушысы жоғалып кетті, деп жазады Baq.kz.

Жоғалған баланың әкесі Серік, ұлы Темірханның 21-қыркүйек күні әдеттегідей мектепке кеткенін айтады. Алайда 3 күн өтсе де одан хабар жоқ.

«Ұлым қаладағы №9 орта мектебінің 8-сыныбында оқиды. Ол жұма күні мектепке кеткен. Содан бері оны көрген жоқпыз. Ауладағы балалар ұлымды сенбі күні «Сити центр» ауданынан көргенін айтады. Бұрын ол осылай жоғалмайтын. Тек үйде жарты күн ғана болмайтын. Ол өзімен бірге ұялы телефонын алған. Алайда қазір ол өшірулі», - дейді Серік.

Айта кетейік, Темірхан – үйдегі жалғыз бала. Ол бос уақытында бимен және шорт-трекпен шұғылданады.

Әкесінің айтуынша, үйде ешқандай ұрыс-керіс болмаған. Ата-анасы баласының жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған.

Жоғалған күні Темірханның үстінде ақ футболка, көк трико, кроссовки және көк түсті жилет болған.

Ата-анасы Темірханды көрген-білгендер болса, тез арада осы телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 87084053381, 87078728578.