Оралда 460 мың теңге жалған ақша «қыдырып» жүр

0
6 251

БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) экономикалық тергеу қызметі қырық жеті дана 20 мың теңгелік банкноттарды қодан жасап шығарған топқа қатысты тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдады,- - деп хабарлайды Ratel.kz.

Екі аптаның ішінде күдіктілер 20 мың теңгелік 47 банкноттарды сауда нысандарына өткізіп үлгерген. Соның 24-і айналымнан алынып, сараптамадан өткізілді.Қалған 23 жалған купюра әлі қала дүкендері мен тұрғындарының қалтасында жүр.

Күдіктілер дүкендердегі бақылау камералары арқылы анықталып, ұсталды. Олар 30 жастағы Атырау қаласының тұрғындары екен. Бастапқыда олар жалған ақшаны өз қаласында жасап жүрген. Тергеу іздеріне түсіп, тықыр таянғанда Оралға ауысыпты.

«Біздің қызметкерлер бұл жалған ақшаларды алаяқтардың шын ақшадан ажырата алмайтындай етіп жасағандарына таң қалып отыр. Алайда, 20, 10 және 5 мыңдық банкноттарда жаңа элементтер бар», - деді ҚР Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақов.

Күдіктілер 5 жылдан 10 жылға дейін сотталып, дүние-мүлкілері тәркіленулері мүмкін. Оралда жалған ақша жасаушылардың ұсталу фактісі жиі тіркелмесе де, ұдайы болып тұрады. Естеріңізге сала кетейік, 1978 жылғы Камерун азаматы Оралға келген болатын. Шетелдік азамат Қазақстанға бизнес серіктес іздеп келгендей болып, өтірік долларларды таратқан. Артынша өзі де, оған көмектескен оралдық әйел де ұсталған еді.