Қайғылы жағдай 21 қаңтарда БҚО Теректі ауданы Пойма ауылының маңында болған.
ERNUR.KZ. Оралда 43 жастағы ер адам көлік жүргізіп келе жатып, әйелінің көз алдында қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.
Полиция мәліметінше, қайғылы жағдай 21 қаңтарда таңғы сағат жетіге қарай БҚО Теректі ауданы Пойма ауылының маңында болған.
"Жүргізуші УАЗ Патриот маркалы көлігінде қайтыс болды. Әйелінің айтуынша, олар Бұрлы ауданы Ақсай қаласына бара жатқан. Аяқ астынан күйеуінің жағдайы нашарлап, ол жол шетіне тоқтаған. Соңғы уақытта күйеуі өзін жайсыз сезініп жүргеніне шағымданған екен", - деді полиция департаментінің өкілдері.
Жедел жәрдем қызметкерлері келгенде ер адамның қайтыс болғанын анықтаған.