Оралда ер адам өзін "шаһид" деп таныстырып, ғимаратта "бомба" барын айтқан

0
1 169

Таймер арқылы жарылатын бомба туралы хат 7 сәуірде кешке электрон поштаға түскен.


Оралда ер адам өзін

ERNUR.KZ. Оралда белгісіз біреу "Мой город" порталының редакциясы орналасқан ғимаратқа 100 келі тротил қойылғанын айтқан, деп жазады tengrinews.kz.

Таймер арқылы жарылатын бомба туралы хат 7 сәуірде кешке электрон поштаға түскен.

"Маған полицейлер қоңырау шалды, олар бомба қойылғаны туралы хабарлама түскенін айтты, редакцияға келуімді өтінді. Редакция зәулім ғимараттың шағын бөлмесінде, сондықтан бұл жалған хабар екеніне сенімді болдым. Кейін тергеу тобының қызметкерлері келді. Құдайға шүкір, олар бізден ешнәрсе таппады. Редакциямызғв кімге және не үшін "бомба қою" керек болғанын түсінбеймін", - деді басылымның бас редактор Әнел Қайнеденова.

Кейін полиция қызметкерлері электрон поштаға "орыс шахиді Андрей Петровтан" хат келгенін, ол хабарламада "бұл билікті мәңгілікке тоқтатуға" уәде бергені жазылғанын айтты.

"БҚО ІІД тергеу тобы қызметкерлерінің тексеруі барысында бұл нысанда жарылғыш құрылғылар, жарылғыш заттар және басқа да күдікті заттар табылмады, жеке құрамды эвакуациялау жұмыстары жүргізілген жоқ. Қазір қаскүнемді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, министрлік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының санкциясына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат тарату айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге шектеуге не бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салды.

"Мой город" редакциясы өз қызметін 2011 жылы баспа басылымынан бастады. Қазір бұл холдинг, оның құрамына газет, жаңалықтар порталы, 400 мыңнан аса оқырманы бар әлеуметтік желідегі парақшалар кіреді.