Оралда көпқабатты үй шатырынан құлаған қар баланы басып қалды

0
2 732

Шатырдан құлаған қалың қар ауладағы жеңіл көлікке де зақым келтірген


Оралда көпқабатты үй шатырынан құлаған қар баланы басып қалды

ERNUR.KZ. Оралда көпқабатты тұрғын үй шатырындағы қар сәкіде отырған баланы басып қалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Абырой болғанда, бала ауыр жарақат алмаған. Ауруханада медициналық тексерістен өткен соң ол үйіне қайтарылды. Шатырдан құлаған қалың қар аулада тұрған жеңіл көлікке де зақым келтіріпті: көліктің алдыңғы терезесі шағылып, қорабы жапырылып қалған. Енді көлік иесі шығынын қайтарып алу үшін ПИК-ті сотқа бермек. Аталмыш көпқабатты тұрғын үйдің күтіміне «Еділ-Жайық» пәтер иелері кооперативі жауапты.

Қала әкімдігінің мәліметінше, коммуналдық қызмет көрсету ұйымының тарифтік жоспарында шатырды қар мен мұз сүңгілерінен тазарту жұмысы қарастырылмаған.

«Тұрғындардан ай сайынғы жиналатын ақшада, тарифтік қызметте егер қар тазалау жұмыстары көрсетілмеген болса, олар ПИК міндетті емес. Тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес әрбір үйді және кондоминиум объектісін күтіп-ұстау – тұрғындардың өздерінің ауыртпашылығы», - деді қалалық ТҮКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Дархан Еркінұлы.