Оралда мектеп маңынан аула сыпырушының денесі табылды

0
1 440

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жедел жеткенімен дәрігерлер ер адамды алып қала алмаған. Авиамектеп қызметкерлері Артур есімді 46 жастағы аула сыпырушының әдеттегідей жұмысқа таңғы 9-да келгенін айтады


Оралда мектеп маңынан аула сыпырушының денесі табылды

Орал қаласында авиамектеп маңынан 46 жастағы аула сыпырушының денесі табылды, - деп жазады Alashainasy.kz.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жедел жеткенімен дәрігерлер ер адамды алып қала алмаған.

Авиамектеп қызметкерлері Артур есімді 46 жастағы аула сыпырушының әдеттегідей жұмысқа таңғы 9-да келгенін айтады.

"Ол өзіне берілген тапсырманы орындау үшін жұмыс орнына кетті, алайда біраз уақыттан кейін гараж артынан мәйіті табылды", - деді авиамектептегілер.

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Істің мән-жайы анықталуда.