Оралда мұғалім вакцинация төлқұжатын қолдан жасаған

0
505

БҚО полиция департаметінің мәліметінше, 5-15 маусым аралығында Оралдағы мектептердің бірінде 37 жастағы мұғалімнің вакцинация төлқұжатын қолдан жасау дерегі тіркелген.


Оралда мұғалім вакцинация төлқұжатын қолдан жасаған

ERNUR.KZ. Полиция істі тергеп жатыр. Оралда мұғалім вакцинация төлқұжатын (паспорт) қолдан жасады деген күдікке ілінді, деп жазады inbusiness.kz.

БҚО полиция департаметінің мәліметінше, 5-15 маусым аралығында Оралдағы мектептердің бірінде 37 жастағы мұғалімнің вакцинация төлқұжатын қолдан жасау дерегі тіркелген.

«Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі «Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазылған хабарламада. Алайда полиция бұл іске медицина қызметкелерінің қатысы бар-жоғын растаған жоқ.