​Оралда өгей әкесі бес жасар ұлын кепілге алған

0
1 024

Оқиға 8 желтоқсанда сағат 11.15-те болған.


​Оралда өгей әкесі бес жасар ұлын кепілге алған

ERNUR.KZ. Оралда өгей әкесі бес жасар ұлын кепілге алған, деп жазады Tengrinews.kz БҚО бойынша Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 желтоқсанда сағат 11.15-те болған.

"Белгісіз екі адам төбелес шығарған. Оқиға орнына Орал қалалық Полиция басқармасы жол-патрульдік полициясының капитаны Мұхит Әбілхайыров пен лейтенант Жандос Кубаев барған. Құқық қорғау органдары келгенде аулада ешкім болмаған. Бірақ полицейлер айғайды естіп, сол жаққа қарай барған. Онда ер адамның бес жасар ұлының тамағына пышақ тақап, одан анасын шақыруды талап еткені анықталды", - деп хабарлады полициядағылар.

Сол сәтте полицейлер ер адаммен сөйлескен. Кейіннен ол баланы жіберген. Полицейлердің мәліметінше, ер адам ұсталды. Оның 1993 жылғы әйелмен тұрғаны белгілі болды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы бойынша ("Қорқыту") сотқа дейінгі тергеу басталды.