Оралда оқушылар мінген автобус өртенді

0
475

1986 жылғы жүргізуші көлік құралын техникалық тексеруден өткізбей, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған.


Оралда оқушылар мінген автобус өртенді

ERNUR.KZ. Орал қаласында балаларды алып бара жатқан автобус отқа оранды, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 13 маусым күні Г. Бельгер көшесінде болды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Сағат 12.40-та Г. Бельгер көшесіндегі 114-үй тұсында "ПАЗ" жеке автобусы отқа оранды. Тілсіз жау сағат 13.09-да оқшауланып, 13.14-те ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 6 адам (1 техника) жұмыс істеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде", - делінген хабарламада.
Автобустың 1986 жылғы Т. есімді жүргізушісі көлік құралын техникалық тексеруден өтпей, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған, міндетті сақтандыру полисі болмаған.
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3-тармақшасын бұзғаны үшін "Балауса" мектеп жанындағы балалар лагерінің қатысушыларын кинотеатрға баруын жүзеге асыру кезінде жауапкершілік танытпай, 13 маусым күнгі №52 бұйрығымен №26 мектеп директоры “Балауса” лагерінің жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды", - деп хабарлады министрліктегілер.
Балаларды тасымалдау кезінде полиция қызметкерлерінің жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алып жүру мақсатында мектеп тарапынан БҚО ПБ-ге ешқандай сұраныс түспеген.