Оралда тұрғындар сусыз отырғанына екі күн болды

0
989

Тұрғындар ауыз судың ажыратылатыны туралы алдын ала ескертілмегенін айтады.


Оралда тұрғындар сусыз отырғанына екі күн болды

ERNUR.KZ. Оралда кәріз құбыры жарылып, тұрғындар сусыз отырғанына екі күн болды. Бұл жағдайға магистраль кәріз құбырының жарылуы себеп. Апат салдарынан 60 мың отбасы сусыз қалып отыр, деп жазады tengrinews.kz.

Тұрғындар ауыз судың ажыратылатыны туралы алдын ала ескертілмегенін айтады. Соның салдарынан ешқайсы да қамданып үлгермепті. Сондықтан кешелі бері тұрғындар дұрыстап ас-суын іше алмай, тіпті жуына да алмай жүр. Қырсыққанда дүкендерде сатылатын су да таусылып, тұрғындар түс ауғанша су таситын көлікті күтіп отырған.

"Орал апталығы" басылымы су алу үшін кезекте тұрған адамдарды видеоға түсіріп, мән-жайды білді.