Оралда жас қыз көпірден секіріп кетті (видео)

0
1 245

Қызды сол кезде көпірдің үстімен өтіп бара жатқан полицей құтқарып қалған.


Оралда жас қыз көпірден секіріп кетті (видео)

ERNUR.KZ. Төтенше оқиға бүгін Динамо спорттық базасының жанындағы көпірде болған, деп жазады baq.kz.

Сол жерде балық аулап отырған куәгер қыздың суға құлаған сәтін ғана көргенін айтады.

"Мен көпірден 300 метрдей жерде балық аулап отырғанмын. Бір кезде суға құлаған дыбыс естідім, қарасам біреу суға батып барады. Кейін ол судың бетіне шығып, қарманып жатты. Мен заттарымды алып, көпір жаққа қарай жүгірдім. Ол жерде адамдар тұрды. Мен суға секірмек болдым, қарасам, жас жігіт қызды құтқару үшін суға секіріп кетіпті. Жігіт қызды құтқарып қалды. Ол полицияда қызмет ететінін айтты", - деді сол жерде балық аулап отырған Жұлдыз Досымов.

Қызды құтқарып қалған полицей сол кезде көпірдің үстімен өтіп бара жатқанын айтты. Қасында көлікте анасы мен балалары болған.

"Қасымда анам бар. Мен қызымды би үйірмесінен алып келе жатқанбыз. Көпірде қыз тұрды. Басында мән бермедім, балықтарға тамақ беріп тұрған шығар деп ойладым. Өтіп кетіп, айнадан қарасам, ол көпірден секіріп кетіпті. Мен көлікті тоқтата салып, қыздың соңынан секіріп кеттім. Оны судан алып шықтым. Мен ол туралы ештеңе білмеймін, тек 20 жаста екенін білемін", - деді полицей.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде, жедел жәрдем стансасына қоңырау сағат 13:05-те түскенін айтты.