Оралда жұмысшы 9-қабаттан құлап мерт болды

0
2 849

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Оралда жұмысшы 9-қабаттан құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Оралда тоғыз қабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап кеткен 40 жастағы ер адам көз жұмды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 21 тамыз күні таңертең сағат 9.00 шамасында Құрманғазы көшесі, 150 мекенжайында орналасқан 9 қабатты үйде болған. БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, 40 жастағы ер адам шатырда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде аяғы тайып, бірінші қабаттағы балконның жақтауына құлаған.

«1981 жылғы ер адам ауыр жараланып, оқиға орнында қайтыс болды», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.