Оралдық қызға құны бір миллиард теңге тұратын екпе салынды

0
576

3 сәуірде оралдық Фатима Асқар есімді балаға құны миллиард теңгеге жуық тұратын "Золгенсма" препараты егілді.


Оралдық қызға құны бір миллиард теңге тұратын екпе салынды

ERNUR.KZ. Қуанышты жаңалықты қыздың ата-анасы Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бүгін - тарихта қалатын күн. Фатимамызға екпе салынды. Біз бақыттымыз. Қызымызды Қазақстан халқы аман алып қалды. Осы уақыт ішінде біз үшін алаңдап, қолдау көрсеткен баршаға шын жүректен алғыс айтамыз", - деді Фатиманың әкесі Қанат Құспанов.



Фатиманың ата-анасы қызының емделуіне алты ай ақша жинаған. Дәрігерлер балаға омыртқа бұлшықетінің атрофиясы деген диагноз қойған.

Фатима - Батыс Қазақстан облысында әлемдегі ең қымбат екпені салдырған екінші бала. Біріншісі ақсайлық Эмир Шахмаров болған. Сонда бір миллиард теңгені қазақстандықтар жинап берген еді. Қазір баланың жағдайы жақсы, оңалту курсынан өтіп жатыр.