Орманнан сөмкесі табылды: Петропавлда полицейлер тамызда жоғалған әйелді әлі іздеп жатыр

0
1 152

​Тамыз айының соңында 81 жастағы әйел үйінен шығып, саяжайға бет алған, содан бері одан еш хабар жоқ.


Орманнан сөмкесі табылды: Петропавлда полицейлер тамызда жоғалған әйелді әлі іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Петропавлда 81 жастағы әйел осымен төртінші ай іздестіріліп жатыр, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"1939 жылы туған Агафонова Надежда Михайловна іздестірілуде. Ол 28 тамызда таңғы сегіздер шамасында үйінен шығып, "Жигули" саяжай қоғамындағы саяжайына кеткен. Содан бері зейнеткерден еш хабар жоқ. Ол ара-тұра есін жоғалтады", - деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.



Белгілері: арықша келген, бойы 160-165 см шамасында, шашы ағарған, көзі сұр. Үстінде қою қызыл күрте, қара шалбар, аяғында қоңыр бәтеңке, басында көк түсті орамал болған. Полицейлер әйелді көрген-білгендер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Полиция қызметкерлері мен еріктілер зейнеткер жоғалған сәттен бастап орман, саяжай учаскелерін бірнеше мәрте аралап тексеріп шықты. Іздеу жұмыстарына қызметтік иттер мен квадрокоптер де тартылды.

Әйел ара-тұра есін жоғалтады, бірақ осы жолмен үнемі жүретін. Еріктілер орман ішінен оның сөмкесін тауып алды. Ішіндегі заттарға, соның ішінде әмиянға ешкім тиіспеген. Сөмкенің қасында саңырауқұлақтар жатқан. Ал әйелдің өзі із-түссіз жоғалып кетті.