Ол 9 маусымнан бері хабарсыз кеткен.
ERNUR.KZ. Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде тағы бір адам жоғалып кеткен. Жоғалып кеткен ер адамның жақындары іздеу жұмыстарына көмектесуді сұрап жатыр, деп жазады tengrinews.kz.
Ер адамның жоғалып кеткені туралы хабар oo_osa_semey_vko Instagram-парақшасында пайда болды. Жазбадағы мәлімет бойынша, 1987 жылы туған Архипов Сергей Николаевич Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге кеткен. Ол 9 маусымнан бері хабарсыз кеткен.
"Іздеу жұмыстарына көмектесуді сұраймыз. Трактор нөмірі F 937 ARE. Өртті сөндіруге көмектесуге кеткен. Соңғы рет 9 маусымда байланысқа шыққан. Одан бері хабар-ошарсыз кетті. +7 771 582 2159 нөміріне хабарлассаңыздар", - делінген хабарламада.
Абай облысының әкімдігі ақпаратты растады: 11 маусымдағы жағдай бойынша ер адам байланысқа шықпаған.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысындағы өрт салдарынан 14 адам жоғалып, артынша олар өлті табылған болатын. 12 маусымда Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.