"Өрт сөндіруге кеткен": Абай облысында жоғалған ер адамды іздеуге тікұшақ тартылды

0
511

Сергей Архипов 10 маусымда өзінің тракторымен өрт сөндіруге көмектесуге кеткен.


ERNUR.KZ. Абай облысында полицейлер хабар-ошарсыз кеткен тұрғынды іздеп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Абай облысы Полиция департаменті Бесқарағай ауданының полиция бөліміне Долан ауылының тұрғыны, 1987 жылы туған Сергей Николаевичтің туыстары көмек сұрап жүгінген. Олардың сөзінше, Сергей Архипов 10 маусымда өзінің тракторымен өрт сөндіруге көмектесуге кеткен.

Жедел штаб ақпараты бойынша Долан орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архипов 10 маусымнан бастап байланысқа шықпай қалған.

Полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, оның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізеді. Іздеуге жеке құрам қатысады. Сондай-ақ, ер адам мінген көлік құралын анықтау үшін аумаққа тікұшақпен шолу жүргізіледі.

"Сергей Архиповтың орналасқан жері бойынша қандай да бір мәліметтер болса, 102 телефонына немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарлауыңызды өтінеміз", - делінген жергілікті полиция хабарламасында.