Орысша бұйрықтарды орындамайды: Атырауда қазақша түсінетін қызметтік ит бар

0
2 256

Қызметтегі иттер 8 жасында зейнетке шығады.


Орысша бұйрықтарды орындамайды: Атырауда қазақша түсінетін қызметтік ит бар

ERNUR.KZ. Қазақша түсінетін қызметтік ит Атырауда. Оның елордадан өңірге ауысқанына бір айға жуық уақыт болған. Қазіргі көрсеткіші гиннестің рекордтар кітабына енген голландиялық төбеттің деңгейіне жетіп қалыпты. Елдос Жұманбетов Жанды күшік кезінен асыраған. 2017 жылдан бері бірлесе жұмыс істеп келеді, деп жазады stan.kz.

Кинолог маман ерекше жануардың сезім мүшелерін дамытып, қызметке араластыруға 3 ай жұмсапты. Жан өте тілалғыш. Берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындайды. Және бір ерекшелігі ол қазақша түсінетін ит. Тек қазақша берілген тапсырмаларды орындайды. Орысша айтылған бұйрықтарды атқармайды.

Орысша бұйрықтарды орындамайды: Атырауда қазақша түсінетін ит көпті таңғалдырды

Жан өзін сан қырынан көрсетіп, талай қылмыскердің жолын кесті. Қызметтегі иттер 8 жасында зейнетке шығады. Ал, Жанның жасы 13-те. Соған қарамастан оған тең келер ит жоқтың қасы. Жан күніне бір рет тамақтанады. Салмағы 45 келіден өзгермейді.